Майлы гепатоз. Емдеу

Майлы гепатоз себептері Май гепатозын диагностикалау әдістері Майлы гепатозды емдеу

Бауырдың майлы гепатозы немесе майлы инфильтрациясы деп бауыр жасушаларында (гепатоциттер) май артық мөлшерде жиналатын жағдай аталады1.


Бұл бауырдың алкогольдік емес май басу ауруының бастапқы, қайтымды кезеңі, ол дамыған кезде стеатогепатитке, содан кейін бауырдың айқын бұзылуымен фиброзға айналуы мүмкін2. Уақытылы диагноз қою және тиісті емдеу арқылы ағза мен оның функцияларын толығымен қалпына келтіруге болады.

Майлы гепатоз себептері

Майлы гепатоз, не стеатоз – әлемдегі ең жиі кездесетін бауыр ауруының бірі. Дамыған елдерде оның таралуы 30%-ға жетеді3.


Гепатоз дамуына көмектесетін негізгі факторлар3:

  • май басу және артық салмақ,
  • қант диабеті және инсулинге төзімділік, яғни инсулин рецепторлары сезімталдығының төмендеуіне байланысты жасушаларды глюкозаны сіңіруінің нашарлауы,
  • май алмасудың бұзылуы - дислипидемия.


Сондай-ақ, басқа қауіпті топтардағы пациенттер, соның ішінде:

  • бауырға уытты әсер ететін дәрілік препараттарды, мысалы, гормоналды препараттар, антибиотиктер, психотропты препараттар және басқаларды ұзақ уақыт қабылдаған,
  • зиянды жағдайларда жұмыс істейтін,
  • ас қорыту жүйесінің созылмалы ауруларынан, оның ішінде вирустық гепатиттерден зардап шегетін,
  • қатаң диетаны ұстанатын немесе гепатоциттердің жұмысына теріс әсер ететін қанға көп мөлшерде май түсуі мүмкін болатын адамдар, сондай-ақ жүктілер бауырдың жағдайына ерекше назар аударуы керек.

Май гепатозын диагностикалау әдістері

Стеатоз жағдайында бауыр жасушалары біртіндеп қарапайым майларды (липидтерді) жинайды және уақыт өте келе май тініне айналып, өз функцияларын жоғалтады.


Май құрамы 5% артық болғанда май инфильтрациясын диагностикалауға болады, дегенмен оның шоғыры бірікпеген. Липидтердің мөлшері 10% жеткенде, гепатоциттердің жартысы зақымданады2.


Майлы гепатоз әдетте қандай да бір айрықша белгілерсіз жүреді, сондықтан оны көбіне басқа ауруларға қатысты тексеру кезінде кездейсоқ анықтауға болады. Сондай-ақ, дәрігер тексеру кезінде бауырдың ұлғаюын анықтаса, тексеруді тағайындай алады.


Диагноздың ең қауіпсіз, қолжетімді және ақпараттық әдісі – бауырды ультрадыбыстық зерттеу. Майлы инфильтрацияның белгілеріне жоғары эхогенділік (УДЗ-де бұл «ақ бауыр» деп аталатын неғұрлым ашық аймақтар түрінде көрінеді), тіндердің біркелкі емес тығыздалуы, тамырлы кескіннің өзгеруі жатқызылады.


Компьютерлік томография сондай-ақ бауырдағы май жиналуы болуын анықтауға көмектеседі2. Май рентген сәулесін әлсізірек жұтады, сондықтан да мұндай аймақтардың рентген тығыздығы төмен болады.


Магниттік-резонанстық топография кезінде май тіні қалыпты бауырмен салыстырғанда біршама ашық болып көрінеді.


Гепатозды диагностикалаудың «алтын стандарты» бауыр биопсиясы болып саналады. Мұндай микроскопиялық зерттеу үшін инені пайдаланып бауыр тінінің үлгісін алу керек. Алайда бұл әдіс сирек қолданылады, өйткені оны орындау пациент үшін белгілі бір техникалық қиындықтар мен қауіптер тудырады4.


Майлы гепатозды емдеу

Бауыр жасушаларында майдың мөлшерін азайту және оның қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін гепатозды емдеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді4:

  1. Өмір салтын өзгерту. Тұрақты дене белсенділігімен бірге аз калориялы диета көмегімен салмақты бақылау арқылы жағдайды жақсартуға болады. Зерттеу нәтижелері тіпті калорияның орташа төмендеуі бауыр функциясы биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпқа келуімен және бауыр жасушаларының май инфильтрациясының төмендеуімен бірге жүретінін көрсетті4.
    Сонымен қатар қатаң диеталар мен салмақ жоғалту ұсынылмайды, өйткені олар қандағы липидтер деңгейінің едәуір жоғарылауына және гепатоциттерге шамадан тыс жүктеме түсуіне әкелуі мүмкін.
    6-12 ай ішінде салмақтың оңтайлы төмендеуі 7-10% құрайды4. Дене жүктемелері – аптасына 3-4 рет. Әдеттегі жүрістен бастауға болады, содан кейін жүзу, теннис, командалық спорт түрлерін қосасыз.

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек. Дәрі туралы
  1. Гепатопротекторлық қасиеттерге ие дәрілік препараттарды ішу.
    Эссенциалық фосфолипидтер гепатоз дамуының әртүрлі механизмдеріне әсер ететіндігі дәлелденген және гепатоциттердің жұмысын қалпына келтіруге көмектесетін құрал болып отыр. Олар зақымдалған бауыр жасушаларының жарғақшаларына еніп, ондағы ақаулардың орнын басады, сонымен қатар ферменттер мен басқа да биологиялық белсенді заттардың белсенділігін арттырады.
    Май және көмірсулар алмасудың бұзылуын түзетуге де назар аудару қажет.
    Майлы гепатозды емдеу кешенді болуы тиіс. Бұл жағдайда дәрігер мен пациенттің бірлескен күш-жігері қажет. Оң жақ қабырға астындағы кез келген жайсыздық, артық салмақ және басқа зат алмаусының бұзылуы – маманға жүгінуге себеп.
Әдебиет:
  1. Клинические рекомендации EASL-EASD-EASO по диагностике и лечению неалкогольной жировой болезни печени. Journal of Hepatology. 2016 том 64/1388-1402
  2. Сафарова Хураман Иса. Диффузные поражения печени. Евразийский Союз Ученых (ЕСУ). №12 (69), 2019, б.13-20.
  3. О.М.Антоненко. Лечение неалкогольной жировой болезни печени в амбулаторной практике. Медицинский совет, №1, 2013, б.38-44.
  4. Опарин А.А., Опарин А.Г., Федченко Ю.Г., Благовещенская А.В. Ультразвуковое исследование печени в норме и при патологии. Восточноевропейский журнал внутренней и семейной медицины, 2016, №2, б.43-54.

MAT-KZ-2000216

Жировой гепатоз. Лечение

Причины жирового гепатоза Методы диагностики жирового гепатоза Лечение жирового гепатоза

Жировым гепатозом, или жировой инфильтрацией печени называют состояние, при котором в печеночных клетках (гепатоцитах) накапливается избыточное количество жировых отложений1.


Это начальная, обратимая, стадия неалкогольной жировой болезни печени, которая при прогрессировании может перейти в стеатогепатит, а в дальнейшем в фиброз с выраженными нарушениями работы печени2. При своевременной диагностике и соответствующем лечении орган и его функции можно полностью восстановить.

Причины жирового гепатоза

Жировой гепатоз, или стеатоз – одно из самых частых заболеваний печени в мире. Его распространенность в развитых странах достигает 30%3.


Основными факторами, способствующими развитию гепатоза, признаны3

  • ожирение и избыточный вес,
  • сахарный диабет и инсулинорезистентность, то есть ухудшение усвоение глюкозы клетками из-за снижения чувствительности инсулиновых рецепторов,
  • нарушение обмена жиров – дислипидемии.


Также особое внимание состоянию печени необходимо уделять пациентам из других групп риска, в том числе людям, которые:

  • длительно принимают лекарственные препараты, оказывающие токсическое действие на печень, например, гормональные средства, антибиотики, психотропные средства и другие,
  • работают во вредных условиях,
  • страдают хроническими заболеваниями пищеварительной системы, в том числе вирусными гепатитами,
  • придерживаются строгой диеты или голодают – в этом случае в кровь может поступать большое количество жиров, что негативно сказывается на работе гепатоцитов, а также беременным.

Методы диагностики жирового гепатоза

При стеатозе клетки печени постепенно накапливают в себе простые жиры (липиды) и со временем перерождаются в жировую ткань, утрачивая свои функции. При содержании жира более 5% уже можно диагностировать жировую инфильтрацию, хотя его скопления разрознены. Когда количество отложений липидов достигает 10%, поражается уже половина гепатоцитов2.


Жировой гепатоз обычно протекает без каких-либо специфических симптомов, поэтому его обнаружение нередко становится случайной находкой при обследовании по поводу других заболеваний. Также врач может назначить обследование, если при осмотре выявляет увеличение печени.


Наиболее безопасным, доступным и информативным методом диагностики является ультразвуковое исследование печени. К признакам жировой инфильтрации относят повышенную эхогенность (на УЗИ это выглядит как более светлые участки, так называемая «белая печень»), неравномерное уплотнение тканей, изменения сосудистого рисунка.


Компьютерная томография также помогает выявить наличие жировых отложений в печени2. Жир слабее поглощает рентгеновское излучение, поэтому такие участки имеют пониженную рентгенплотность.


При магнитно-резонансной топографии жировая ткань выглядит более яркой по сравнению с нормальной печенью.


«Золотым стандартом» диагностики гепатоза считают биопсию печени. Для такого микроскопического исследования необходимо с помощью иглы взять образец печеночной ткани. Однако этот метод применяется редко, так как его выполнение связано с определенными техническими сложностями и рисками для пациента4.

Лечение жирового гепатоза

Чтобы уменьшить содержание жира в клетках печени и восстановить ее нормальную работу, лечение гепатоза строится на таких основных принципах4:


  1. Изменение образа жизни. Достигнуть улучшения состояния можно путем контроля веса с помощью диеты со сниженной калорийностью в сочетании с регулярными физическими нагрузками. Результаты исследований показали, что даже умеренное снижение калорийности рациона сопровождается нормализацией биохимических показателей функций печени и уменьшением жировой инфильтрации печеночных клеток4.
    При этом строгие диеты и экстремальное похудение не рекомендуются, так как могут стать причиной значительного повышения уровня липидов в крови и чрезмерной нагрузки на гепатоциты.
    Оптимальное снижение веса – на 7-10% в течение 6-12 месяцев4. Физические нагрузки – 3-4 раза в неделю. Начинать можно с обычной ходьбы, а затем добавить плавание, теннис, командные виды спорта.
Легче предотвратить заболевание, чем лечить О препарате
  1. Прием лекарственных препаратов, обладающих гепатопротекторными свойствами.
    Эссенциальные фосфолипиды являются средством, которое доказано воздействует на различные механизмы развития гепатоза и помогает восстановить работу гепатоцитов. Они встраиваются в мембраны поврежденных печеночных клеток, замещают дефекты в них, а также повышают активность ферментов и других биологически активных веществ.
    Также необходимо обратить внимание на коррекцию нарушений жирового и углеводного обмена.
    Лечение жирового гепатоза должно быть комплексным. При этом необходимы совместные усилия врача и пациента. Любой дискомфорт в области правого подреберья, лишний вес и другие нарушения обмена веществ – это повод обратиться к специалисту.
Источники
  1. Клинические рекомендации EASL-EASD-EASO по диагностике и лечению неалкогольной жировой болезни печени. Journal of Hepatology. 2016 том 64/1388-1402
  2. Сафарова Хураман Иса. Диффузные поражения печени. Евразийский Союз Ученых (ЕСУ). №12 (69), 2019, с.13-20.
  3. О.М.Антоненко. Лечение неалкогольной жировой болезни печени в амбулаторной практике. Медицинский совет, №1, 2013, с.38-44.
  4. Опарин А.А., Опарин А.Г., Федченко Ю.Г., Благовещенская А.В. Ультразвуковое исследование печени в норме и при патологии. Восточноевропейский журнал внутренней и семейной медицины, 2016, №2, с.43-54.

MAT-KZ-2000216